Мемлекет басшысы Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Словениямен қандай салаларда тың жобаларлар жүзеге асырылатындығын атады.