Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысымен кездесу өткізді

Кездесу барысында Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, олимпиадалық қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері, оның ішінде биыл Астанада өтетін Құрлықтық спортшылар форумын ұйымдастыру жайы талқыланды.
Аталмыш форумға Азияның 45 елінен спорттық комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) мен Азия Олимпиадалық кеңесінің жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр.
Тараптар Қазақстан мен Қатар ҰОК арасындағы әріптестікті кеңейтуге және World Aquatics ұйымының Қазақстан су спорты түрлері федерациясымен ынтымақтастығын нығайтуға баса назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіріп, жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру бойынша алдағы нақты қадамдарды келісіп алды.