Елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны азайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылдың 8 сәуірінде Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы күтіледі, — делінген хабарламада.

Мәселен, 8 сәуірдегі жағдай бойынша ешбір қалада ауа сапасы төмендемейтіні анықталды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.