Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.

Құжат жобасын 4 сағат бойы талқылаған депуттардың басым көпшілігі жаңа редакцияны қолдап дауыс берді. Қалыс қалғандар саны – 9, қарсы болғандар – 7, 1 депутат дауыс бермеді.

Сондай-ақ «Ақ жол», ЖСДП мен Қазақстан халық партиясының фракция төрағалары кодекс жобасы өздері қоспақ болған ұсыныстарды енгізген жағдайда ғана қабылдану керек деген ұстанымдарын айтты.

Құжатты депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырған болатын.