Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билеттері қымбатқа сатылып жатыр

Әйгілі америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер 11 сәуірден бастап сатыла бастайды. Бұл туралы “Астана Концерт” компаниясының продюсері Мәлік Хасенов айтты, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
Мәлік Хасеновтың айтуынша, билеттер 11 cәуір күні сағат 11:00-ден бастап сатыла бастайды.
“Билеттерді қайта сату және басқа да алаяқтықты болдырмау мақсатында әлемдік тәжірибе негізінде жүйе қолданылады. Алдымен ваучер сатылады. Ал бірегей QR код концертке үш күн қалғанда беріледі. Бір адам ең көп дегенде 4 билет қана ала алады, бір аккаунт, бір ғана банк картасымен”, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
“Астана Концерт” өкілінің сөзінше, мұндай деңгейдегі коммерциялық концерт елімізде алғаш рет өткізілмек.
Билеттің құны 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін, сахнаның алдындағы орындар – 180 мың теңге.