Шерзат Полатқа қатысты сот отырысы адвокаттың кесірінен кеш басталды

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты сот отырысы 40 минутқа кешігіп басталды, деп хабарлайды kaz.inform.kz сайты.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ержан Жанұзақов айыпталушылардың бірінің мүддесін қорғайтын адвокат Қалиеваға кешігіп келгені үшін ескерту жасады.
Шерзат ісі бойынша нақты 9 күдікті бар, оның ішінде бір жасөспірім ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып жатыр.
Абзал Шынасыл — адам өлтіру және бұзақылық жасағаны үшін айыпталды. Равиль Сақиев — кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық бойынша айыпталды. Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Нұрбол Тоқтаубаев мен Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — бұзақылық бойынша, ал кәмелетке толмаған Думан Ысқақ — ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпты деп танылып отыр.
Айта кетейік, 10 сәуір күні Талдықорғанда Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша алдын ала тыңдау өткен болатын.