Мемлекет басшысы Сергей Цивилевті қабылдады

Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді.