Тасмағанбетов пен Қошанов президент сайлауына түсуі мүмкін

Талғар әкімі Тасмағамбетов пен Қошановтың жоспарын бұза ма?..
Қазақстанда 2029 жылғы президент сайлауына қызу дайындық жүруде. Өзінің кандидаты жоқ қаржылық конгламераттар түрлі мүмкіндіктерді қарап, тез арада кандидат табу, яғни рекрутингті бастап кетті, деп жазады Әшкере. “Осы аптада бір топ халық арасына кең танылып кеткен Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлын президенттікке өз кандидаты ретінде пайдалануды ойластыра бастады” дейді, жағдайдан хабардар саяси технолог.
Бұл ұтымды шешім болуы мүмкін. Себебі қазірдің өзінде Арыстанбек Әбілқайырұлын сайлауға салып жіберсе, ол президенттікке түсе алатындай халық қолдауына ие. Тек ол аталған қаржылық топтың ұсынысына келісе ме ол жағы белгісіз.
Ескі мен Жаңа Қазақстанның кандидаттары дайын. Назарбаев кланы Кремльмен бірігіп, Иманғали Тасмағамбетов кандидатурасын алып шығатын болады. Запасқа Санжар Боқаевты қойып отыр. Ал Жаңа Қазақстан Ерлан Қошанов пен Олжас Бектеновтың бірін дайындамақ. Мәулен Әшімбаев та тізімнен сызылған жоқ. Тараптар пиар жүрістерін биылдан бастап жасай бастаған. Мысалы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуден қазақ аудиориясына үндеу жариялап, өзінің қазақ мүддесі жолына жүргеніне сендіре білсе, Дариға Назарбаева өзін қарапайым адам ретінде көрсетіп, жеке ұшақ емес, кәдімгі Air Astana рейсімен ұшып жүргенін көрсетті. Ескі Қазақстан “Супертас” операциясы аясында Парламент депутаттарымен де етене жұмыс жүргізуді көздеп отыр. Иманғали Тасмағабетовтың ОДКБ төрағасы ретіндегі өкілеттілігі 2025 жылдың аяғында бітеді. Жоспар бойынша, 2026 жылдан бастап екі вариант қарастырылуда.
Бірінші вариантта Тас саяси партия формасында электоратпен жұмыс істей бастауы тиіс. Демек партия құрылып, ол түрлі бастамаларды қолға алады. Екінші нұсқада Тасмағамбетов еш партиясыз, өзін-өзі ұсынған тәуелсіз кандидат ретінде аайлауға барады. Бұл оған деген сенімді арттыруы тиіс.
“Нұрғалиұлы екінші вариантқа жақын сияқты. Халықтың адамы ретінде ол қазақ тіліне басымдық беру, банктерді қысып, кредиттерді кешіру, проценттерді азайту, жерді халыққа тарату, Ұлттық қор ақшасына ауылдарды жаңғырту сынды суперпопулистік бастамалары бар сайлауалды бағдарламасын ұсына алады. Бұл қадам оны 2028 жылдары қазақ аудиториясындағы ең танымал тұлғаға айналдырып жіберуі мүмкін”, – дейді технолог. Жаңа мен Ескі Қазақстан өзара күресіп жатқанда үшінші тарап сайлауға шығаратын Арыстанбек Әбілқайырұлы жеңіп кетсе, онда Ақорда мен Мәскеудегі бүкіл саяси жоспарлардың күлі көкке ұшпақ.