Президент көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мақұлдаған болатын.

Заң жобасы туралы баяндама жасаған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев келісімнің негізгі мақсаты – Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің көрсетілетін қызметтерінің еркін сауда аймағын қалыптастыру екенін айтқан еді.

Оның айтуынша, келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің қызмет берушілері үшін серіктестер нарығында неғұрлым тиімді шарттар ұсыну туралы міндеттемелерді бекітуге мүмкіндік береді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.