Жасөспірім қызды көлігімен жеткізіп салғысы келген полицейлер жұмыстан қуылды (ВИДЕО)

Алматы облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды мекен-жайына жеткізіп салуға ниеттенген екі полицей жұмыстан шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Іле ауданындағы екі инспектор қызметтік автокөлікпен 17 жастағы қызды «Саяхат» автобекетіне жеткізіп тастағысы келген. Бұл туралы адвокат Нұрлан Байғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Осы іс бойынша қызметкерлер жұмыстан шығарылды» деп жазды адвокат.
Сонымен қатар жасөспірім қыз болған жағдайды растады.

Айта кетейік, Семейде оқушы қызды аймалаған мұғалімнің әрекетін желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.