ҰҚК: Шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 адам жауапқа тартылды

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушы, оның ішінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды.
Сонымен қатар Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
37 факті – есірткі заттары;
92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
357 факті – жанар-жағармай материалдары;
793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
– Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілді, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Заңсыз балық аулар құралдары алынды:
41 дана – жүзу құралдары;
118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
Алды алынған залал сомасы – 1 млрд 900 млн теңге.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.