Қазақ қызы Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстанның теннисшісі Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің чемпионы атанды.
Кездесу есебі — 4:6, 6:3, 11:9.
Бұл Жібек үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші жеңіс болды. Жалпы, Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар.
Дереккөз: ҚТФ