Президент Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады. Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады, — делінген хабарламада.