Түзеу мекемесінде Жеңістің 80 жылдығына орай іс-шара өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты-/58 мекемеде Жеңістің 80-жылдығы қарсаныңда жазасын өтеушілер арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды, деп Аlashorda.kz сайты.

Оны Жамбыл облысы 58-мекеменің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Мейрамбек Бекхожаев және осы бөлімінің жасақ бастықтары бірлесіп өткізді.

“Іс-шараның басты мақсаты – ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығына сәйкес, бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбие жұмысын жүргізу, олардың адамгершілік қасиеттерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Осы мақсатта сотталғандар арасында қол күресі, 100 метрге жүгіру, ең үздік қабырға газеттері, гір тасын көтеру сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Жарыс сотталғандарға оң әсерін тигізіп, олардың белсенді өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттырды. Жүлделі орын иеленген қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды” – дейді Мейрамбек Бекхожев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың қайта әлеуметтенуіне ықпал етіп, олардың тәртібі мен моральдық ұстанымдарын жақсартуға көмектеседі.