Президент Қуаныш Сұлтановты «Отан» орденімен наградтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 8 мамыр
№ 873