Еліміздің ішкі су жолдарында 2025 жылғы навигация ашылды

Көлік министрлігі ішкі су жолдарында 2025 жылғы навигацияның ашылғаны туралы хабарлайды.
Кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және шағын көлемді кемелерді пайдалануды мемлекеттік бақылауды Министрліктің аумақтық органдары көліктік бақылау инспекциялары жүзеге асырады.
Министрліктің аумақтық инспекциялары кеме иелері мен пайдаланушыларының, шағын көлемді кемелердің жүргізушілерін даярлау орталықтарының басшыларының, шағын көлемді кемелердің тұрақбазалары мен жалға беру пункттерінің иелерінің қатысуымен көлік оқиғаларын талдай отырып, кемелердің жүзу қауіпсіздігі бойынша семинарлар өткізді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инспекторлар кеме қатынасы су жолдары мен навигациялық жабдық құралдарын күтіп-ұстау шараларын тексерді.
Навигация басталғалы бері Министрліктің аумақтық органдары 736 шақырым кеме жүзетін су жолдарын қарап, 40 өзен кемелерімен 135 шағын көлемді кемелерді тексеріп, олардың барысында 69 әкімшілік құқықбұзушылық анықтады.
Бұл ретте Министрлік қолданыстағы ережелерді қатаң ұстануға шақырады.