Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр – Айдос Үкібай

Бірқатар БАҚ-та Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Алпысқызының өмірден озғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл деректің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
– Көптеген БАҚ-тың сауалына жауап ретінде хабарлаймын: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – делінген Х әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеде.