Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді

Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа қоғам өкілдері тартылды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Жаңа құрамда:
— Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев;
— Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров;
— Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова;
— Математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дұрвудхан Сұраған бар.
Сондай-ақ ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л. Тараков (қайтыс болуына байланысты), Б. Қаниев, Қ. Бисенов, А. Орынбек, С. Сәдvақасов және М. Жабағин шығарылды.