Биыл Жуалыда 575,5 миллион теңгенің 79 жобасы жоспарланып отыр

«Ауыл аманаты» жобасы – ауылдық жердегі әлеуметтік-экономикалық әлеуетті жандандыруға арналған кешенді бастама. Жуалы ауданында бұл бағдарлама бірнеше ауылдық округтерде нақты нәтижесін беріп отыр. Әр ауылда жоба аясында бірнеше бағыт қамтылған. Соның арқасында көптеген отбасы жеке қосалқы шаруашылықтарын кеңейтіп, жер игеруге бет бұруда.
Мал шаруашылығы да өркендеп келеді, нәтижесінде төрт түліктің саны артып, қора малға тола бастады. Жұмыссыз жүрген азаматтар несие алып, кәсіп ашып, өз отбасын ғана емес, өзгелерге де жұмыс беріп отыр. Ауыл шаруашылығы кооперативтері де құрылып, жаңа техникалар сатып алынуда. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Ермұхамед Сүгірбеков 2025 жылы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 575,5 миллион теңгеге 79 жоба жоспарланып, бүгінгі күнге «Тараз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы тарапынан 40 кәсіпкерге 313,1 миллион теңге несие берілгенін айтады. Көктем мезгілінде 22 кәсіпкердің 209,8 миллион теңгені құрайтын құжаттары оң қорытынды алған екен.
– 2019-2024 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» жобасына 6 ауылдық округ қатысса, соның бірі – Ақтөбе ауылдық округі. Бұл ауылдық округтегі 4 елді мекеннің 444 ауласы жобаға қатысып, 4 бағыт бойынша жалпы 723,3 миллион теңге несие қаражатын алып, қаржы толық игерілді. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты арқылы 68 гектар жерді игерілді.
Мал шаруашылығын дамытуға – 191 тұрғын соммасы 588,3 миллион теңгеге 2347 мал сатып алды. Оның ішінде 545-і сиыр, 724-і жылқы, 1078-і қой.
Ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалануға 36,5 миллион теңге несие берілді. Игерілген егістік жер көлемі 1423 гектар. Оның ішінде арпа – 1045, жоңышқа – 328, жүгері – 50 гектар. Ауыл шаруашылық техникасын сатып алуда «Атамекен-Бастау» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 93,8 миллион теңгеге 3 трактор, 2 дана дән сепкіш, 1 дана БДТ, 1 дана картоп егетін, 3 дана «Кун» техникасын, 3 дана соқа, 1 дана астық комбайны, 2 дана минералды тыңайтқыш сепкіш, 1 тырма, 1 трактор тіркемесін, 1 сүт тасымалдайтын техника, барлығы 19 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Тұрғындардың өз кісібін ашуға Ақтөбе ауылдық округінен Гульбану Канатбаеваға 4,7 млн теңге несиеге беріліп, ол кондитерлік цех ашып, өндірісті іске қосты.
Ақсай ауылдық округінен 2 елді мекеннің 518 ауласы жобаға қатысып, 5 бағыт бойынша жалпы 565,6 миллион теңге несие қаражаты үлестіріліп, ол толық игерілді. Бірінші бағыт бойынша 518 аула 61 гектар жерді игері.
Екінші бағыт бойынша 78 тұрғын соммасы 341,6 миллион теңгеге 1254 мал сатып алды. Оның мүйізді ірі қарасы – 407, жылқы – 250, қой – 597.
Үшінші бағыт аясында 43,1 миллион теңге несие берілді. Игерілген егістік жер көлемі 800 гектарды құрады. Оның 220 гектары бидай, тағы осыншама гектары арпа, 60 гектары жүгері, 100 гектары мақсары, 200 гектары жоңышқа.
Төртінші бағыт негізінде «Ақсай» кооперативі 148 миллион теңгеге 3 трактор, 1 тас жинағыш, 2 шөп оратын комбайн, 2 трактор тіркемесін, екі дәнсепкіш, екі соқа, 1 жүгері комбайны, 1 жер қопсытқыш, 1 шөп тайлағыш, 2 минералды тыңайтқыш сепкіш, 1 арық қазғыш, 2 «Кун» техникасы, барлығы 20 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.
Бесінші бағыт бойынша 3 бал ара жобасы іске қосылды. «Қайсар» жеке кәсіпкерлігі 9 100 000 теңге несие алып, 33 бал ара омартасын сатып алды. «Құралбай» жеке кәсіпкерлігі де 38 бал ара омартасына несиеге алған 9 800 000 теңгесін жұмсады. «Моная» жеке кәсіпкерлігі 14 071 000 теңге несие алып, оған 65 бал ара омартасын алу арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр. 2,8 миллион теңгеге кілем тоқу цехы, 14,2 миллион теңгеге сүт өңдеу цехы және 20 миллион теңгеге техника жөндеу орталығы ашылды.
Жетітөбе ауылдық округінен 5 елді мекеннің 513 ауласы қатысып, жобаның 5 бағытына жалпы 811,2 миллион теңге несие қаражаты берілді.
513 түтінге 80 гектар жерді игеру жұмыстарына 4,5 миллион теңге несие үлестірілді. 181 тұрғын сомасы 717,9 миллион теңгеге 3146 бас мал сатып алды. Ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалануға 21,4 миллион теңге несие берілді. Игерілген егістік жер көлемі 1000 гектарды құрады. «Жетітөбе-2022» коперативі 62,4 миллион теңге 4 дана трактор, 2 дана дән сепкіш, 3 дана соқа, барлығы 9 дана техника алды. Күлзипаш Құттыбаев 5 миллион теңге несиеге наубайхана ашты.
«Ауыл аманаты» жобасына Қарасаз ауылдық округінен 5 елді мекеннің 744 үйі қатысып, жобаның 5 бағыты бойынша жалпы 1 047,1 миллион теңге несиеге қол жеткізді. 744 отбасы 90 гектар жерді игеру жұмыстарына 10 миллион теңге несие қаражатын жұмсады. 163 тұрғын соммасы 983,2 миллион теңгеге 2520 бас мал сатып алды. Ауыл іргесіндегі жерді тиімді пайдалану үшін алынған 16, 5 миллион теңге несие арқылы 155 гектар арпа, 100 гектар бидай, 5 гектар көпжылдық шөп, 100 гектар мақсары, 1 гектар картоп егілді. «Қарасаз-2023» ауыл шаруашылығы өндірістік коопертиві 48,6 миллион теңгеге 3 дана трактормен қамтылды. 5,3 миллион теңге несиеге Назерке Сәндібаева жиһаз цехын ашты», – дейді Ермұхамед Жандарбекұлы.
Сол секілді Қызыларық ауылдық округінен 5 елді мекеннің 304 ауласы жобаға қатысып, 691,5 миллион теңге несиені толық игеріпті. 1-ші бағыт – үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 304 аула 20 гектар жерді игеру жұмыстарына 268 мың теңге несие қаражатын бағыттаған. 2- бағыт – мал шаруашылығын дамытуға 103 тұрғын соммасы 617,7 миллион теңгеге 4472 бас мал сатып алған. 3- бағыт – ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалануға 12,6 миллион теңге неисе алынған. Игерілген егістік жер көлемі 230 гектарды құраған. 4- бағыт – АШӨК техника сатып алу үшін «Атамекен бастау» АШӨК 52,4 миллион теңгеге 2 трактор және 3 трактор тіркемесін сатып алыпты. Бесінші бағыт – тұрғындардың өз кәсібін ашуға Нүрия Төлеуішке 8,6 миллион теңге несие беріліп, ол жылыжай салған.
Мыңбұлақ ауылдық округінен 2 елді мекеннің 740 ауласы қатысып, жобаның 5 бағытына жалпы 660,9 миллион теңге несие қаражаты бөлінген.
89 тұрғын 583,2 миллион теңгеге 244 сиыр, 973 уақ мал, 189 жылқы сатып алыпты. 25,4 миллион теңге несиеге 580 гектар ауыл сыртындағы жер игерілген. Бесінші бағыт бойынша «Орақ-балға Мұңбұлақ» кооперативі 43,7 миллион теңгеге 2 дана трактор, 3 трактор тіркемесін (дән сепкіш, пресс, «КУН») барлығы 5 дана техника алған. Сонымен қатар, Зауытбай Тажиддинов 8,6 миллион теңге несие алып, Техника жөндеу орталығын ашты.