ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Президент Тоқаев пен Пан Ги Мун тұрақты даму мәселелерін талқылады

Президент Тоқаев пен Пан Ги Мун тұрақты даму мәселелерін талқылады

 Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Астана халықаралық форумы алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Институтқа еліміздің көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы мен Арал теңізінің құрғаған табанын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Пан Ги Мун Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жұмсаған күш-жігерін қолдайтынын, жаһандағы экологиялық бастамаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.