Президент Назарбаев кезеңінде ұрлық болғанын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатарлық Al Jazeera телеарнасында эксклюзив сұхбат берді, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты
Тоқаев тілшінің тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы қойған сұрағына жауап берді.
«Сіз бұрынғы көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың элиталық артықшылығын талдауда прогреске қол жеткіздіңіз. Тергеулер жүргізілді, айыптау үкімдері шықты. 2022 жылы 1,2 млрд доллар қайтарылды. Бірақ біздің пікірімізше, жұмыс әлі аяқталған жоқ. Назарбаев Қоры мен Halyk Bank сияқты кейбір негізгі институттар тексеріссіз қалды. Сіз бұл туралы не айтасыз?», – деді журналист.
Тоқаев жасалып жатқан жұмыстарға сыни пікірлер бәрібір болатынын айтты. Бірақ президент халықтың игілігі үшін көптеген оң өзгерістер жасағанын алға тартты.
«Әрине, біз тұңғыш президент болған Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін мойындауымыз керек. Иә, сіз айтқандай қателіктер, ұрлықтар болды. Біз әлі де тергеу жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыс жалғасуда. Бірақ бұл істе мен тәртіпсіздіктерге жол бермеймін. Өйткені бұл менің елімдегі жағдайдың тұрақсыздығына әкеледі», – деп жауап берді Тоқаев.