Елизавета Матвеева жеңіл атлетикадан 2025 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды.
Бұл жарыста алтын медаль Үндістан атлеті Пуйи Пуйиге бұйырды – 189 сантиметр. Сонымен қатар өзбекстандық Сафина Садуллаева да 186 сантиметрмен екінші орынды Матвеевамен бөлісті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар. Бірінші орындарды Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) жеңіп алды. Ал Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс) және Дейзи Джепкемей (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) қола жүлдегер атанды.