ISKRA Qazaqstan Қазақстанда музыкалық трендтердің қалыптасуына қалай ықпал етеді?

Яндекс Музыка ұсынған ISKRA Qazaqstan жобасы Қазақстандағы музыкалық сахнаның дамуына серпін беруді жалғастырып келеді.

Жаңартылған плейлист қазірдің өзінде платформа жазылушыларына қолжетімді. Бұл жоба қазақстандық әртістерді, әсіресе шығармашылық жолын енді бастағандарды қолдауда маңызды рөл атқарады.

Яндекс Музыка қызметінің технологиялық мүмкіндіктері, атап айтқанда жеке ұсыныстардың ақылды жүйесі арқасында жас орындаушылар тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де өз өнерін танытуға мүмкіндік алады.

Жаңартылған плейлистке Rvmvn, ESKO, Turan, TUMA, slowme, AYRYS және Yungcold сынды орындаушылар енді. Олардың тректері өзіндік стилімен ерекшеленеді және отандық музыканың қазіргі тенденцияларын айшықтайды.

ESKO — вокалдық, авторлық және музыкалық продюсерлік талантты ұштастыра білген жан-жақты әртіс. Бүгінде ол – қазақстандық жаңа толқын поп-музыкасының жарқын өкілі, эмоцияға толы орындау мәнері мен терең мәтіндерімен танымал.

«Менің әнім қандай да бір платформада өз атыммен шықса, бұл – музыкалық болсын, мейлі байқаулық болсын, менің дұрыс бағытта келе жатқанымның белгісі. ISKRA Qazaqstan плейлистіне бәрі бірдей ене бермейді, онда шығарманы команда тыңдап, іріктеп, бағалап барып таңдайды. Олар сенің жұмысыңды қосса, бұл – үлкен қолдау деген сөз. Әсіресе, шығармашылық жолын енді бастағандарға мұндай қолдау өте маңызды, әр ескерілген еңбегің алға қарай қадам жасауға күш береді», — деді ESKO.

Бұған дейін ISKRA Qazaqstan жобасы көптеген орындаушылар үшін маңызды баспалдаққа айналды. Мәселен, Jazzdauren-нің танымалдығы едәуір артты, оның тректері үш айда 24 мың тыңдалымнан 5 миллионға дейін көбейді. 6ellucci, bir kyz, Кухня, The Brookln, Amourski сияқты әртістер де қолдау тапты, олардың әндері ротацияға еніп, тыңдармандар назарына ілікті.

Мұндай бастамалар тек жекелеген әртістердің өсуіне ғана емес, елдің музыкалық нарығының дамуына да ықпал етеді. ISKRA Qazaqstan шығармашыл таланттар мен тыңдармандарды тоғыстырып, жергілікті орындаушыларға өздерін танытуға, ал тыңдармандарға жаңа қазақстандық музыканы ашуға мүмкіндік беретін орта қалыптастырады.

Анықтама:

Яндекс Музыка — ТМД кеңістігіндегі ең ірі стримингтік сервистердің бірі. Онда 80 миллионнан астам трек пен 440 мың подкаст қолжетімді. Платформаның негізінде пайдаланушының талғамы мен көңіл-күйіне, іс-әрекетіне бейімделетін «Менің толқыным» атты жеке ұсыныстар жүйесі жұмыс істейді. Қызмет Яндекс Плюс жазылымы арқылы қолжетімді.