Қазақстанға ресми сапармен Болгария Президенті Румен Радев келе жатыр

8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланады, – делінген хабарламада.