Қазақстан және Иран басшылары бір-бірін Құрбан айтпен құттықтады

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

— Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.