Тараз-Шымкент трассасындағы апат: жол қозғалысы толық қалпына келтірілді

Қазір көліктің барлық түрінің қозғалысына рұқсат берілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
2025 жылғы 7 маусым сағат 16:00 жағдай бойынша Тараз — Шымкент бағыты бойынша ірі габаритті жүкпен болған жол-көлік оқиғасының салдары толық жойылды.
— Бірнеше күн бойы үлкен жұмыс атқарылды: ауыр жүкті шығару, тралды көтеру және жолды қалпына келтіру. Мамандар тәулік бойы еңбек етіп, жағдайды тез арада ретке келтіру үшін бар күшін салды. Қазіргі таңда жол толық ашық. Барлық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қараған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз, — делінген компания таратқан ақпаратта.