Астанада тағы бір көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

7-10 маусымда Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын 7–10 маусым аралығында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігі туралы хабардар етеді.
— Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.