Экс-министр Руслан Жақсылықов қамауға алынды

“Выход к правде” телеграм арнасының мәліметінше, 10 маусымда Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тергеуге алынып, Астана қаласының уақытша изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланған жоқ.

Редакция толығырақ мән-жайды анықтау үшін ресми органдардан ақпарат сұратып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, оның орнына Дәурен Қосанов тағайындалған еді.