Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндалды.