Таеквондодан Grand Prix Challenge турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады.
Құрама сапына енген спортшылар:

– Темірлан Тілеулес (58 келіге дейін)

– Бектөре Оралханов (58 келіге дейін)

– Газез Нұрбек (68 келіге дейін

– Батыpхан Төлeуғали (80 келіге дейін)

– Нодира Ахмедова (49 келіге дейін)

– Рита Бәкішева (49 келіге дейін)

– Нұрай Хұсайынова (67 келіге дейін)

“Біз бұл турнирге жақсы дайындалдық. Соңғы оқу-жаттығу жиынын Иранда өткіздік. Онда біз атақты спортшылармен бірге дайындалып, жаттығу жекпе-жегін өткіздік. Бұл, әсіресе, жас спортшылар үшін өте құнды тәжірибе болды. Қазір ұлттық құраманың физикалық және тактикалық дайындығы жоғары деңгейде.

Grand Prix Challenge – бұл әлемдік рейтингтегі орнымызды нығайтудың ғана емес, сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада алдындағы маңызды халықаралық тәжірибе жинаудың мүмкіндігі”, — деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов.

Айта кетейік, бұл жарысқа әлемнің 44 елінен 376 спортшы қатысады.

Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі.