Абылайхан Жұбаназар дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Қазақстанның дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Жұбаназар тиімді әдіс жасап, екі мәрте «юко» ұпайын алды. Осылайша белдесуде жеңіске жетті.
Ширек финалға шығу үшін ол ресейлік Тимур Арбузовпен кездеседі.