Назарбаев Университетінде студент қыз қайтыс болды

Назарбаев Университетінде студент қыздың қаза тапқанына байланысты университет әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады.

— Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Университет ұжымы отбасына моральдық және материалдық қолдау көрсетіп жатыр, — делінген оқу орнының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Университет мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен психологтер тартылған.

— Барлық қажетті шаралар қолға алынды. Университет әкімшілігі жағдайды ерекше бақылауға алды, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ университет пен марқұмның туыстары жалған немесе расталмаған ақпарат таратпауға шақырады. Жақындары бұл қайғылы жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлік топтарда жарияламауды сұрап отыр.