Жаңа Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ант қабылдады

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет үйінде ант берді.
– Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, – деп ант берді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысының алдында.
Айта кетейік, 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды.