ALASHORDA Мәзір
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты. Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.