Президент ҰҚК-ге біріктірілген Антикор басшысын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана Ұлттық қауіпсіз комитетінің құрамына қосылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады, деп хабарлайды “Адырна”.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Мемлекет басшысы 30 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кіргізу туралы жарлыққа қол қойған. Осылайша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылған.