Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.