Есту қабілетінің жоғалуы, қан тамырлары тромбозы: Дельта штамы туралы не білуіміз керек

 
«Жұқтырған сәттен бастап 7 күн ішінде адамда клиникалық белгілер тез дамып, ауыр түрге айналуы мүмкін. Мұнда назар аударатын негізгі белгілер: ЖРВИ-ге өте ұқсас (тамақтың ауруы, мұрыннан су ағуы, бас ауруы). Сонымен қатар, коронавирус симптомы ретінде бәрімізге белгілі иіс сезудің жоғалуы бұл штамда кездесе бермейді.
 
 Сондай-ақ, Дельта штамында тыныс алу белгілерінен басқа, іштің ауырсынуы, диарея, жүрек айну мен құсу, буынның ауыруына назар аудару керек. Сарапшылар бұған есту қабілетінің жоғалуын және төменгі аяқ тамырларының тромбозын қосады», — дейді дәрігер. 
 
Анна Цепке жедел респираторлық инфекцияға ұқсас белгілер пайда болған кезде (коронавируспен ауырғандар санының өсуін ескере отырып) басқа аурулар туралы ойлаудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Өзін-өзі оқшаулап, толық тексерістен өтіп, ПТР-тест тапсыруы және болашақта мамандардың кеңестеріне құлақ асулары тиіс. 
 
«Бүгінгі таңда Дельта штамы бүкіл әлемде ең қауіпті вирус болып саналады. Бұл штамм бүкіл медициналық қауымдастықта үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл вирустың тез жұғатындығымен байланысты. Егер коронавирустың бұрынғы штамдарынан инфекция 1-ден 4 адамға дейін жұғатын болса, Дельта нұсқасында — 1-ден 7 адамға дейін», — деп қосты спикер. 
 
Өзіңізді қалай оқшаулауға және қорғауға болады деген сұраққа, жоғары санатты дәрігер инфекцияның бұрынғы түрлерінде сақталған барлық маңызды ұсыныстарды қайталады.
 
«Барлық алдын-алу шараларын, бетперде киюді, вакцинацияны сақтаған жағдайда ғана өзіңіздің, сондай-ақ туыстарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын сақтай аласыз деп қайталап айтудан жалықпаймыз. Вирус мутацияға ұшырап, күшейе түсті. Денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз. Егер өзіңізді қазір қорғамасаңыз, екпе салдырмасаңыз, кейін кеш болуы мүмкін», — деп қорытындылады фтизиатр.