«Қазақтарды мәмбеттер» деп қорлаған қарағандылық қыз қамауға алынды

Қарағандыда ұлтаралық араздық қоздырды деген күдікпен 22 жастағы қыз қамауға алынды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
Ол әлеуметтік желіде қазақтарды «мамбет», «қалбит», «қазақшасөйлешник» деп қорлаған. . Тергеу органдары күдіктінің ел аумағынан шығып кетпек ниеті барын анықтап, оны қамауға алу туралы өтініш білдірді.
22 шілде күні Қарағанды қаласының тергеу соты аталған өтінішті қанағаттандырып, тергеу аяқталғанға дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.