Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.

— Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.