Самирхон Абабакиров таеквондодан жазғы Универсиаданың жеңімпазы атанды

Қазақстанның таеквондошысы Самирхон Абабакиров Германиядағы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Жерлесіміз 63 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады.

Самирхон ақтық сында Түркия елінің өкілі Омер Фарук Дайоглуды 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін отандастарымыз алты қола медаль еншілеген болатын.