Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жер сілкінісі сезілді

23 шілдеде Астана уақытымен 15:37-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 793 шақырым қашықтықта орналасқан.
Сейсмикалық белсенділік Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар елді мекендерінде сезілді. Атап айтқанда, 4 баллға дейінгі дүмпулер төмендегі елді мекендерде байқалған:
Абай облысы: Көкпекті, Қалбатау, Ақсуат,
Аягөз, Семей, Үржар, Жоламан, Мақаншы, Қараауыл, Бесқарағай, Бородулиха ауылдары;Шығыс Қазақстан облысы: Самар, Қасым Қайсенов кенті, Өскемен, Глубокое, Күршім, Алтай (Зырян), Риддер (Лениногорск), Үлкен Нарын, Шемонаиха, Ақжар, Катонқарағай, Буран, Марқакөл, Зайсан елді мекендері.
Жер сілкінісінің күші кейбір жерлерде 4 баллға дейін жеткенімен, қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираулар туралы ресми ақпарат тіркелген жоқ.