Қазақстан гандболдан қола жүлде үшін бақ сынайды

Гандболдан Қытайдың Цзинганшань қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы финалға жолдама ала алмады.
26 шілдеде Қазақстан Оңтүстік Кореямен кездеседі. Бұл ойында құрлықтық біріншіліктің қола жүлдесі сарапқа салынады.
Финалда Жапония мен Қытай құрамалары шеберлік байқасады.