Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.

Қазақстан Президентін күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.