Президент Тоқаев БҰҰ конференциясы өтетін «Аваза» спорт кешеніне барды

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясы өтетін «Аваза» спорт кешеніне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Кейіннен делегация басшылары бірге суретке түсті.