ALASHORDA Мәзір
Саясат

Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

—  Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Айдос Сәкенұлы Мырзахметов — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын 2002 жылы бітірген.