Биыл жылдың басында яғни 10 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттердің және олардың отбасыларының денсаулығы мен жеке өміріне қатысты ақпаратты мемлекеттік құпияға жатқызатын заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Бірнеше депутат аталған заң жобасы Асхат Аймағамбетов басқаратын Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде талқыланбағанын айтқан еді. Мәселен Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт ALASHORA каналына берген сұхбатында, экс-президентке қатысты заң жобасы комитетте мүлде талқыланбағанын мәлімдеді. Әріптесінің сөзін Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы да растап отыр. Әйтсе де Асхат Аймағамбетов болса, «регламент бойынша талқыланбай заң қабылдануы мүмкін емес» дейді.
Асхат Аймағамбетов пен Нартай Аралбайұлының пікірін төмендегі видеодан көре аласыз!