Тізбеге 31 тауар енгізілді: ұн, нан, макарон өнімдері, қарақұмық жармасы, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызанақ, қияр, алма, қант, күнбағыс майы, сиыр еті, тартылған ет, қой еті, жылқы еті, балық, тауық еті, сүт, айран, қаймақ, сүзбе, ірімшік, сары май, тауық жұмыртқасы, шай, тұз, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Тізбеге енгізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша әрбір тауар позициясына бөлшек сауда бағасының шекті деңгейі белгіленеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы жасалатын шартта сауда үстемесінің шекті мөлшері міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Аталған талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз деп танылады.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығы 2026 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.