Мемлекет басшысының елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Астана әкімдігі қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді. Бұл туралы Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
- Жаңа зауыт тәулігіне 1,5 мың тонна қалдықтарды кәдеге жаратуға және 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында басталады, жобаны жүзеге асыру мерзімі – 36 ай, — деді әкім.