Мәзір
Саясат

Атырау, Абай және Ұлытау облыстары жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеген

Атырау, Абай және Ұлытау облыстары жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеген
primeminister.kz

Үкіметте өңірлердің даму қарқыны бойынша артта қалған өңір әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Үкімет отырысында еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Онда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Абай облысының әкімі Берік Уәли және Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр Олжас Бектенов негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша еліміздің 12 өңірінде оң динамика қалыптасып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстары, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары бар. Алайда, Атырау, Абай және Ұлытау облыстары жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеген. Олжас Бектенов облыс әкімдері барлық мәселені тікелей бақылауға алуы қажет екенін баса айтты.

- Артта қалған өңір әкімдері барлық түйткілді мәселені тікелей бақылауға алып, шұғыл түрде нақты шаралар қабылдауы қажет, — деп атап өтті Премьер-министр.