Мәзір
Жаңалықтар

Атырау облысында бір отбасы із-түзсіз жоғалды

Атырау облысында бір отбасы із-түзсіз жоғалды
Атырау облысы ПД

Атырау облысында полиция қызметкерлері бір отбасын іздестіріп жатыр. Олар қараша айынан бері туыстарымен байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі. 

Отбасының жоғалғаны туралы ақпарат полицияға 25 желтоқсанда түскен. Атырау қаласының тұрғыны арыздана отырып, бауырының жұбайымен және екі ересек баласымен бірге бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткенін мәлімдеген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, отбасы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылында тұрған. Былтыр қараша айында олар белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай дерек жоқ.

Құзырлы органдардың болжамынша, жоғалғандар республиканың оңтүстік өңірлеріне бет алған болуы мүмкін.

Іздестіріліп жатқан төрт ересек адам:

  • отағасы;
  • оның жұбайы;
  • 33 және 35 жастағы екі баласы.

"Отбасының қайда екенін анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажет шараны қабылдап жатыр. Өзге өңірлердің полицейлері де бағдарланды. Қолдағы ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік аймақтарына бағыт алуы мүмкін", – деп хабарлады Атырау облыстық ПД.

Полиция жоғалған азаматтар туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

  • 98-20-78
  • 98-20-88
  • +7 701 304 0012